$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолалықтарды жұмыспен қамту үшін 4,5 млрд. теңге бөлінді

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 4 540,9 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 905,7 млн теңге игерілді, деп «Ақмола Медиа Орталығы» сілтеме жасап strategy2050.kz хабарлады.

Бағдарлама аясында 1832 адамға әлеуметтік келісімшарт орнатылды. Әлеуметтік келісім шартқа отырғандардың 66,4 пайызы жұмыссыздар болса, 26,5 пайызы өз-өздерін жұмыспен қамтыған адамдар.

Бағдарламаны жүзеге асыру облыста 3 бағыт бойынша жүзеге асуда.

Бірінші бағыт – «ТКШ және инфрақұрылымды дамыту арқылы жұмыспен қамтуға» республикалық бюджеттен 2433,0 млн. теңге бөлінді, ол 74 жобаға бағытталған. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 243,4 млн. теңге игерілді. Аймақта құрылыс және жөндеу бойынша 22 жобаның жұмысы басталды.

Екінші бағыт бойынша «Тірек ауылдар мен кәсіпкерлікті дамытуға» 1136,3 млн. теңге бөлінді. Оның 247,7 млн-ы игерілді. Ең ауқымды қамтылған аудандар: Бурабай (9), Атбасар (6), Ерейментау (5), Сандықтау (5).

Жалпы облыста шағын несиелендірумен 58 ауылдық округ қамтылған. Оның 86 пайызы немесе 92 адам өз кәсібін ашуға бағытталған, 14 пайыз немесе 15 адам бизнестің кеңеюіне үлес қоспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары