$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазған адам ұсталды

Соның кесірінен мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспеген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысып келген адамның ісін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қылмыстық ниетті іске асыру үшін 3 компания құрылған, ол компаниялардың жалпы айналымы 1,1 миллиард теңгеден асқан.

«Соның кесірінен мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспеді» , -ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстық істі сот қарап жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары