$ 494.87  520.65  4.91

Қызынан бас тартып, көшеде жылатып тастап кеткен әке жұрттан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

Әкесінен мұндай сөзді күтпеген қыз "әкешім" деп соңынан қуып, тіпті жылап қалады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде бастауыш сыныпта оқитын қызын көшеде жылатып тастап кеткен ер кісінің видеосы пайда болды. Бейнежазбада сабақтан қайтқан қызды әкесі күтіп алып, өзге оқушылардың көзінше әке болудан бас тартатынын айтады, деп хабарлайды Экспресс К

«Айару, ренжіме, мен сені қыз қыла алмаймын. Мына баланы өзіме ұл етемін. Кетші, баршы ана жаққа. Сөмкеңді ал да, өзің қайт. Әзіл әзілімен, шынымды айтып тұрмын. Сен әр нәрсені әпер дей бересің. Саған ренжіп қалғанмын. Өзіңе басқа әке тауып ал», — дейді оқушының әкесі.

Әкесінен мұндай сөзді күтпеген қыз "әкешім" деп соңынан қуып, тіпті жылап қалады.

«Ренжіме, қызым. Бұл — өмір. Бұл — тағдыр. Бәріне көнесің», — дейді ер кісі.

Қолына сөмкесін ұстаған кішкентай қыз әкесінің мұндай ауыр сөзіне сене алмастан, тоқтай алмай жылайды.

Видеоны қыздың әкесі ТікТок парақшасында жариялаған. Автордың айтуынша, бұл — жай ғана пранк. Өз қызымен осылайша қалжыңдамақ болыпты.

Алайда ересек адамның бұл қалжыңы жұртшылыққа жақпай қалды. Басым көпшілігі қыздың жүрегін ауыртқан әкені жерден алып, жерге салды.

"Қыздың жүрегіне қатты тиді, жылатпасаңызшы", "Көңіліне қатты тиеді ғой. Бәрін түсініп тұр", "Әкешім" деп айтқанда қалай жүрегіңіз елжіремейді?", "Қыздың жүрегіне қатты тиді деп ойламайсыз ба?", "Мына жақта отырып, мен жылап алдым", "Осылай ойнауға бола ма енді?", "Қатыгездік", "Пранк түсірерде қай жерлеріңмен ойлайсыңдар?", "Неге сонша қинайсыз?", "Баланың махаббатын контент етіп жүргендер, елді қарататын қолдарыңнан басқа ештеңе келмей ме? Қызды ойнап болса да жылатуға болмайды" деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әке