$ 442.84  480.97  5

Шымкентте кесір тілігімен босанған келіншек комада жатыр (ВИДЕО)

Жүктілік кезінде денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған келіншек, перзентханаға да өз аяғымен келіп, толғағы жеңіл өткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте кесір тілігімен босанған келіншек төрт айдан бері комада жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер парақшасында жазба жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"22 қыркүйекте жас келіншек Батыржанова Луиза перзентханаға босануға барған. Жүктілік кезінде денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған келіншек, перзентханаға да өз аяғымен келіп, толғағы жеңіл өткен. Бірақ оған белгісіз себептермен шұғыл кесір тілігі жасалған. Туыстары кейін оның комада жатқанын білген. Бір қызығы, наркоз жасаған анестезиолог сол күні жұмыстан шығып кеткен", - делінген жазбада.

Еріктілердің мәліметінше, босанған әйел перзентханада үш ай жатып, кейін оны ауруханаға ауыстырған. Дәрігерлер ауруханада ес-түссіз екі апта жатқан келіншекті енді үйіне шығармақ.

"Олар менің әйелімді осы күйінде ауруханадан шығармақ. Қалай? Егер кешегідей бүкіл қалада жарық сөніп қалса, ол бір күн де ​​өмір сүрмейді ғой", - дейді науқастың күйеуі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары