$ 486.44  534.31  5.06

Ата-әженің немерелерімен араласуына қатысты жаңа норма енгізілмек

Толықтырылған 73-1-бапта «Атасының, әжесінің, бауырларының және басқа туыстарының баласымен қарым-қатынас жасау құқығы» деп аталады.
Фото: gazetaingush.ru
Фото: gazetaingush.ru

Қазақстанда атасы мен әжесінің, бауырларының және басқа туыстарының баламен қарым-қатынасына қатысты норма «Ашық НҚА» порталында қоғам талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған құжат жобасы 24 ақпанға дейін талқылауға шығарылып отыр.

Бұл өзгеріс «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»

2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне ұсынылуда.

Толықтырылған 73-1-бапта «Атасының, әжесінің, бауырларының және басқа туыстарының баласымен қарым-қатынас жасау құқығы» деп аталады.

«Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы. Ата-аналар (олардың біреуі) баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартқан жағдайда, дауды ҚР Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді. Қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен келіспеген жағдайда, дауды медиация тәртібімен немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын осы органның қатысуымен сот шешеді», - деп жазылған құжат жобасында.

Айта кетейік, қолданыстағы заңда бұл бап көрсетілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары