$ 494.87  520.65  4.91

«Балаңызға тесік етік кигізіп, скотчпен жамап, шекараны қорғауға жібересіздер ме?»: Айман Омарова ҰҚК басшылығын сынға алды

Ұлықбек те Жамбыл облысында шекарада борышын атқарып жүріп жоғалып кеткен.
фото: adyrna.kz
фото: adyrna.kz

Адвокат Айман Омарова қырғыз еліне өтіп кетіп, сол жақтағы таулардың арасында жүріп, суицид жасаған сарбаздың суретін жариялап, ҰҚК басшылығын қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Скотчпен жамалған етік киіп сарбаздар шекараны қорғай ма?

Ұлықбек те Жамбыл облысында шекарада борышын атқарып жүріп жоғалып кеткен, бірақ 39 күннен кейін табылған. Қырғыз еліне өтіп кетіп, сол жақтағы таулардың арасында жүріп, суицид жасаған деп жатыр құқық орғау органдары.

Бірақ сұрақтар көп, жауап жоқ.

Сарбаздың аяғына қараңыздаршы етікті скотчпен жабыстырып қойған. Менде бір сұрақ бар жоғарыдағы ҰҚК басшылығына:

- сіздер балаңызға осындай тесік етік кигізіп, скотчпен тесігін жамап, қыран қыста шекараны қорғауға жібересіздер ме?", - деп жазды Айман Омарова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары