$ 494.87  520.65  4.91

«Азабын тартып жатырмын»: Алматы облысында әріп танымайтын әйел 42 жасында әліппені қолға алды

Өмірінде мектеп табалдырығын аттамаған әйел әліппені үйреніп жатыр.
фото: КТК
фото: КТК

Алматы облысында үш баласы бар Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаева пәтер жалдап тұрады. Олар күн салқында киетін аяқ киімнің жоқтығынан мектепке бара алмай отыр. Ал балалардың анасы 42 жасына дейін әріп танымаған. Бұл туралы «Дау-дамайсыз» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Жаңакүл 1981 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. Шамамен 1988 жылы мектепке бару керек болған. Алайда белгісіз себептермен оқымаған.

«Әйелім 7 жасында анасынан айырылған. Әжесі, әкесі мен өгей анасының қолында өскен. Сауаты жоқ, әріп танымайды. Егер мүмкіншілік болса, кешкі мектепте болса да оқыса екен», - дейді оның жары Талғат.

«Әріп танымаймын. Оқи да, жаза да алмаймын. Шыны керек, ешқандай әріп білмеймін. Әріп тану – менің өмірлік арманым. Қазір осының азабын тартып жатырмын. Қыздарым үшін де сауатты болғым келеді. Кезінде өзім оқымадым, ниет те болмаған шығар», - дейді Жаңакүл.

Бағдарлама жүргізушісі Гүлмира Әбіқай бұл мәселенің де шешімін тауып, Жаңакүлді оқу орталығының жетекшісіне тапсырды. Аталған орталық Жаңакүлді тегін оқытады. Өмірінде мектеп табалдырығын аттамаған әйел алғаш рет партаға отырып, әліппені үйреніп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары