$ 498.34  519.72  4.85

«Қазақтар енді қатынды да кредитке алатын болды» - журналист

Кредитін жабамын деген отбасы баласын сатып жүр.
фото: facebook.com
фото: facebook.com

Журналист Самал Қабышева елді елең еткізерлік жаңалықпен бөлісті. Журналиске жар таңдаймын деп жарға құлаған жігіт базынасын айтып, хат жолдады.  Қалың мал үшін несие алғанын айғақтаған азамат ақыр соңында опық деп, оңбай алданған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Бұл жайлы Самал Қабышева өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

- Қазақтар қатынды да кредитке алатын болды! Масқара, қалың мал үшін кредит алып жатыр. Кеше кредитін жабамын деген отбасы баласын сатты, бүгін үйленемін дегендер қалың мал үшін кредит алды. Не заман болып кетті?! Халық қашанға дейін кредитке батып өмір сүруі керек? Құрметті Президент?!
Тұрмысқа шығамын деген қыз мұғалім болса, айтарға, жазарға сөзім жоқ... Міне Қазақстанның бүгінгі келбеті, - деп жазды ашынған автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары