$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорған тұрғыны қарағандылықтарды 13 млн теңгеге алдап кеткен

Клиент табуға оның алаяқтың құрбандарының біріне айналған құрбысы көмектесіп отырған.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен талдықорғандық 22 жастағы тұрғынды ұстады. Тергеу материалдарында Қарағанды ​​облысының жалпы сомасы 13 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған алты тұрғыны жәбірленуші ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтықтың барлық эпизоды тауар-ақшалай несиеге байланысты болған.

«Күдікті тұрғындарға тауарлық несие беруді ұсынып, ұтымды бонустар уәде еткен. Яғни, несие сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым бонустар көп болады-мыс. «Ақша аударымдарын алып, тауар рәсімдеп, содан кейін оны өз бетіңше сата бересің» деп уәде еткен. Клиент табуға оның алаяқтың құрбандарының біріне айналған құрбысы көмектесіп отырған», - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы Қайрат Жұрынов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының екінші бөлігі «Алаяқтық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары