$ 494.87  520.65  4.91

Желіде Шымкенттегі автобустың 6 адамды қағып кеткен сәтінің видеосы тарады

Видеодан автобустың бар жылдамдықпен келіп адамдарды басып кеткенін байқауға болады.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Желіде жүргізушісі жоқ автобустың жаяу жүргінші жолағынан өткелі тұрған адамдарды қағып кеткен сәттің видеосы тарады.

Видеоны Otyrar телеарнасы Telegram-дағы каналында жариялады. 

Кадрдан алты адамның бағдаршамда жолды кесіп өтуге дайындалып жатқаны, автобустың бар жылдамдықпен келіп адамдарды басып кеткені көрсетілген.

Еске салайық, кеше, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен.

Massaget.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары