$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда бойжеткен 4-қабаттан құлап кетті

Науқастың миына зақым келген. Ол комада жатыр
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде 4-қабаттағы балконнан бойжеткен құлап кетті. Ол комада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. 27 жастағы қыз 4-қабаттағы балконнан құлаған. Әлеуметтік желілерде куәгердің видеосы тарады. Кадрда дәрігерлер оны тексеріп, ауруханаға алып кетеді. Денсаулық сақтау басқармасынан оның жағдайы туралы түсініктеме берілді.

«Науқастың миына зақым келген. Ол комада жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Оқыс оқиға