$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында ер адам әйелді зорлап, артынша өртеп жіберген

Қазіргі уақытта полиция тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Жетісу облысында ер адам 1980 жылы дүниеге келген әйелді зорлап, жауыздықпен өлтірген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Артынша ізін жасыру үшін күдікті мәйітті өртеп жіберіпті. Сұмдық оқиғаға қатысты полиция заңда көзделген қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары