13.07.2023, 16:40

Павлодарда 3 жасар қыз батарейка жұтып қойып, жансақтау бөліміне түсті

Фото: Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы
Бүлдіршін 16 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, одан кейін хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

Павлодарда ойыншықтың батареясын жұтып қойған 3 жасар қыз жансақтау бөліміне түсті. Оның өңеші 2-3 дәрежелі химиялық күйік алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дәрігерлер ойыншықтың батареясын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды. Қыздың өңеші күйіп, екі аптадан астам жансақтау бөлімінде жатқан.

Бала өңешке бөгде зат әсер етіп, жедел түрде жеткізілді. Қыз бала батарея жұтып, өңештің 2-3 дәрежелі химиялық күйігін алған. Сондай-ақ кеуде, мойын, бет тері асты эмфиземасы деген диагноз қойды. Жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігімен, пневмомедиастинмен, өңештің химиялық күйіктерімен және интоксикациямен асқынған, - деді Павлодар облыстық балалар ауруханасында.

Бүлдіршін 16 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, одан кейін хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, жыл басынан бері 28 бала осындай заттар жұтып қою дерегімен ауруханаға түскен. Көбіне балалар тиындарды, ойыншықтардың кішкене бөліктерін, түймелерді, сырғаларды, сақиналарды, қағаз қыстырғыштарды, инелер, түйреуіштер, итергіштер, кішкентай бұрандаларды, жұтып қояды.