$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында жүк көлігі жолаушылар пойызына соғылды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жетісу облысы аумағында ауыр жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылғы 24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысуға жол берді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексерілуде, - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Осыған орай ҚТЖ жүргізушілерді қырағылыққа және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары