$ 494.87  520.65  4.91

Анасының қарызы үшін кішкентай қызын ұрған әйел 2 айға қамалды

Бұл жайт желі қолданушыларының ашуын туғызған болатын.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Анасының қарызы үшін кішкентай қыз баланың аузын жауып, қолын байлаған әйел 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот шешімімен 22 шілде күні 1999 жылғы азаматша 2 айға қамауға алынды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 126 бабы бойынша тергеу басталды, - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында .

Еске сала кетейік, 19 маусымда әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің кішкентай қыз баланың аузы мен қолын байлап, белгісіз бағытқа әкетіп бара жатқан видеосы тараған болатын. Бұл жайт желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысының Қарғалы ауылындағы қыз баланың видеосына пікір білдірді.

Осы жайттан кейін полиция мән-жайды анықтап, күдіктіні ұстады. Қыз баланы жәбірлеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары