$ 441.41  477.78  4.84

БҚО-да жол-көлік апатынан төрт адам қаза тапты

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында тасжолда болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы «Мой город» порталы жазды.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Орал-Кирсанов жолында, Спартак ауылына жақын маңда болған.

БҚО ПД мәліметінше, ВАЗ-21012 мен  Lada Granta көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болғандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен шығарған. Оқиға орнында ведомствоның жеті қызметкері жұмыс істеді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары