$ 494.87  520.65  4.91

Қатардағы жауынгер басына тиген оқ жарақатынан қаза болды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: exk.kz
Фото: exk.kz

Бүгін 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Сұлтанов Қайсар Маратұлы әскери қалашықты күзету кезінде басына оқ атып, қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Штаб бойынша кезекші және кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің қызмет өткеруін тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты өз бекетінде басына тиген оқ жарақатынан қаза тапты. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қызметтік тергеу жүргізілуде.

6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - дейді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары