$ 495.2  522.34  4.94

Шымкентте 20 жастағы жігіт турникке асылып қалған

Одан дене жарақаттары табылмады.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкентте 20 жастағы жігіт мектептегі спорт алаңындағы турникке асылып қалған. Салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оtyrar.kz басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 17 қазан күні сағат 2:20-да болған.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері Шымкенттегі Тұран аудандық полициясына хабарласқан. Олар Қ. Қазиев көшесіндегі қала мектептерінің бірінің ойын алаңынан жас жігіттің денесі табылғанын хабарлады.

Жігіт турникке бекітілген қалың арқанға асылып қалған. Марқұм артында ешқанда жазба қалдырмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Одан дене жарақаттары табылмады, сондықтан әзірге мұны кісі өлтіру деп санауға негіз жоқ.

Марқұм небәрі 20 жаста болған екен. 

Қазіргі кезде жігіттің өліміне қатысты тиісті сараптамалар жасалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары