$ 495.2  522.34  4.94

Бельгия мен Швеция матчы кезінде атыс болып, екі адам көз жұмды (ВИДЕО)

Сол жерде полицейлер оның көзін жойған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Брюссель қаласында футболдан Бельгия мен Швеция елдерінің ұлттық құрама командаларының ойыны кезінде  атыс болған. Брюссельде автоматпен қаруланған белгісіз біреу халыққа оқ атқан. Ол скутерге мініп алып, көшедегі адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан екі адам қаза тауып, бір әйел жараланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мерт болғандардың екеуі де Швеция құрамасының жанкүйері болған.

Террорист түні бойы скутерімен көше аралап жүрген. Ол тек таң ата дәмханалардың бірінде ұсталған. Сол жерде полицейлер оның көзін жойған.

Бельгия БАҚ-ның хабарлауынша, террористтің жасы 45-те болған. Ол қызғылт сары бешпет киіп, атыс алдында өзінің ИГИЛ ұйымының мүшесі екенін және мұсылмандар үшін кек алатынын айтып, Швеция командасының жейдесін киген екі ер адамды атып тастаған. 


Террорист Схарбекте тұрған.  Аты – Абдесәлем. Ол Бельгияға заңсыз келген. Шамасы, Тунистен келген болуы керек, – делінген жергілікті басылымда. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары