$ 443.37  474.49  4.83

Ақтауда екі бүлдіршін уланып көз жұмды

Ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақтауда 2021 және 2022 жылы туған балалар дезинфекциядан уланып көз жұмды. Ал басқа екі бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайтыс болған бүлдіршіндердің туысының сөзінше, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтерін дезинфекцияған. Бірақ бұл туралы ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.

Сол түні кішкентай балалар құса бастаған. Жедел жәрдем шақырғанмен, балаларды құтқара алмады. Қалған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер ешқандай болжамжасап жатқан жоқ», - деді туысы.

Оның айтуынша, көршісін полиция қызметкерлері жауап алу үшін алып кеткен.

Біз үйді жуып, тазаладық. Бірақ бәрібір жағымсыз иіс әлі де сезіледі. Осындай қайғылы оқиға бұрын Маңғыстау ауылындағы 2 шағын ауданда болған. Неліктен көршілерге алдын ала ескертпеген? Дезинфекциялаудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін бәрі біледі емес пе!?», - деді балалардың нағашы әпкесі.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, бұл факт ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Бала өліміне қатысты сараптама тағайындалды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары