$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда атыс қаруын сақтаған жастар тобы ұсталды (ВИДЕО)

Полиция бөліміне 21 адам жеткізілді.

Теміртауда құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобы ұсталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 22 қазан күні Қарағанды облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында облыстың жедел ахуалына кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекеттеріне нүкте қойды.

 Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, олардың қоғамдық орындарда жасаған қылмыстары бойынша айғақтар жинақталды.

 «Қылмыстық топты ұстау барысында 21 тінту жұмысы жүргізіліп, соның нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне  қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары