Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтауда бір түнде 76 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Mangystaumedia.kz жазуынша, 27 қазан күні шамамен сағат 23:00-де әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жасөспірімдердің жол бойында жүгіріп, бір-біріне бөтелке лақтырған видеосы анықталған.
Оқиға орнына полиция жасақтары келіп, 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адамды Ақтау полиция бөліміне жеткізді.
Кәмелетке толмаған 56 жастың заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша Ақтау қаласы ППБ-на тіркелді.
Ауруханаға қоңыраулар болған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.