$ 439.43  473.31  4.82

Шетпеде Тойота қатты жылдамдықпен келіп шойын жолға соғылды

Қатты соққыдан жүргізуші сол сәтте көз жұмған

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысының Шетпе кентіндегі теміржолда жантүршіктіретін жол апаты болды, деп хабарлайды   Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Тойота көлігіндегі 42 жастағы азамат қатты жылдамдықпен келіп шойын жолға соғылған.

Қатты соққыдан жүргізуші сол сәтте көз жұмған. Сау тамтығы қалмаған көлік бірнеше рет аунаған.

Куәгерлер 42 жастағы жүргізуші мас болып, жол сақшыларынан қашқан дейді. Сондықтан жылдамдықты асырып апатқа түскен көрінеді. Бірақ бұл ақпаратты құзырлы органдар ресми растамады.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, апатқа не себеп болғаны анықталып жатыр.
 

Жол апатынан 42 жастағы автокөлік жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Жаннұр Таңатарова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары