$ 443.44  480.51  4.88

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған автокөліктің 1940, 1945 және 1970 жылдары туған жолаушылары оқиға орнында қаза болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 7 желтоқсанда таңғы сағат 08:15 шамасында Жәнібек ауданына қарасты «Көлтабан» ауылдық округінен 10 шақырым қашықта болған.

«Тойота Камри» маркалы автокөліктің 1993 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған автокөліктің 1940, 1945 және 1970 жылдары туған жолаушылары оқиға орнында қаза болды. Автокөліктің жүргізушісі мен 1992 жылы туған жолаушысы түрлі жарақатпен Жәнібек ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары