$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында ұлын ұрып-соққан әкеге қылмыстық іс қозғалды

Баланың миы шайқалып және беті көгерген. 

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Әкесі ұрды деген 3-сынып оқушысының беті көгергенін сынып жетекшісі байқаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,

сынып жетекшісі дереу уәкілетті органдарды, жедел жәрдем мен кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімді шақыртқан. Өйткені бала өзін әкесі ұрып-соққанын айтқан.

Балаға жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы және беттің көгеруі, үстіңгі еріннің гематомасы, сондай-ақ қолдың гематомасы мен көгеруі диагнозы қойылған.

Қазір білім басқармасының ата-аналармен жұмыс істеп жатқаны хабарланып отыр. Ал баланың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары