$ 498.34  519.72  4.85

Астанада алып сәби дүниеге келді

Желтоқсан айында салмағы 5 кг-дан асатын сәби дүниеге келген.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 гр салмақпен батыр сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, дәрігерлер бұл ретте кесарь тілігіне жүгінбеді, әйел өздігінен табиғи жолмен босанды.

Сәбидің 35 жастағы анасы бұл оның үшінші баласы екенін айтты.

Өзге балалары да 4500 және 4050 гр үлкен салмақта дүниеге келген.

Ол аурухана қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Әсіресе акушері Залина Асановаға алғысы ерекше.

Асқынусыз  босанды, бірақ, әрине, ерекше назар аударуға тұрарлық. Іштегі нәрестенің үлкендігіне қарамастан, бәрі жақсы өтті. Ең бастысы – баланың дені сау және ана бақытты. Бұл біздің жұмысымыздың басты мақсаты, – деді акушер.

Әйелдерді босандыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қайырбекова салмағы бес келіден асатын балалар өте сирек дүниеге келетінін айтты.

Перзентханамызды соңғы айда екінші осындай алып бала дүние есігін ашты. Желтоқсан айында салмағы 5 кг-дан асатын сәби дүниеге келген, – деді ол.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары