$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда адам шошырлық қылмыстары үшін сотталған маньяктар бостандыққа шықпақ

Ол қылқындырғыш маньяк атымен белгілі болған. Қаскөй ағаштар арқылы терезелерден өтіп, қыздар мен әйелдерді қылқындырып өлтірген, зорлап, тонаған. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Петропавлда 90-жылдары қатігездікпен атышулы қылмыс жасаған екі адам бостандыққа шықпақ. Тұрғындар сериялық өлтірушілер мен зорлаушылар бұрынғы әдеттеріне басады деп қорқады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыдан 25 жыл бұрын қыз сабақтан кейін үйге оралмаған. Басы сынып, 13 пышақ жарақаты бар 1-сынып оқушысының денесі 1998 жылы 19 желтоқсанда орманнан табылды. Сол жазда Петропавлдың шетінде атышулы белгісіз маньяк та жүрген еді. Ол қылқындырғыш маньяк атымен белгілі болған. Қаскөй ағаштар арқылы терезелерден өтіп, қыздар мен әйелдерді қылқындырып өлтірген, зорлап, тонаған. Сол кезде екі қаскөй бүкіл халықты үрейде ұстайтын. 25 жыл жазасын өтеген екі адам биыл бостандыққа шығады. Петропавлдықтар осыған алаңдап отыр. 

Петропавлда 90-жылдардың аяғында кедейшіліктің аясында қылмыс күрт өсті. Қарақшылық пен бопсалау қалыпты жағдайға айналған еді.

Экономиканың күйреуі, сыртқы экономикалық байланыстардың үзілуі, жұмыссыздық – мұның бәрі халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелді. Тиісінше, қылмыстың артуына да әсер етті. Зорлық-зомбылықпен, қатігездікпен жасалатын қылмыстар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуылдар саны өсті. Қару қолданып, түрлі әрекетке баратын, – деді ішкі істер министрлігі қылмыстық іздестіру ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Шәмшадин Байқуатов.

Петропавлдық қылқындырғыш маньяк жеті жыл бұрын мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан, десе де қайтадан темір торға тоғытылды. Себебі 2021 жылы ол бір қызға шабуыл жасап, тағы үш жыл түрмеде отырды. Ішкі істер қызметінің ардагері Шәмшәдин Байқауытов өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, бір рет заң бұзғандардың жартысынан көбі бостандыққа шыққаннан кейін дәл сол қылмысқа қайта баратынын айтады. Сондықтан, оның пікірінше, қоғамға маньяктарды жіберу қауіпті.

Маньяктар – бұл ауытқығандар, олар ауру. Бізде сондай Жұмағалиев деген болған. Ол босатылуы тиіс. Каннибализммен айналысып, адамның етін жеген. Есі дұрыс жан адам етін жей ме? Әрине, бұл ауру, оларды емдеу керек. Менің ойымша, мұндай адамдар өмірінің соңына дейін психиатриялық ауруханада болуы керек. Өйткені ертең олар бостандыққа шықса, бұрынғы әдеттеріне басады, – деді Бақуатов.

Психологтар мұндай адамдарда эмпатия дамымағанын да атап өтеді. Басқа адамның жан немесе тән жарасын сезінбеу бала кезінен туындайды және мұндай сезімдерді ояту мүмкін емес, сондықтан шынымен қауіп бар. Алайда тәртіп сақшылары тұрғындар үшін алаңдайтын дәнеңе жоқ деп сендіреді.

Бас бостандығынан айыру және оқшаулау сотталған адамның бойында мақсат қою, жаңа құндылықтарды қалыптастыру және өмір сүруге құштарлық сияқты жаңа қасиеттерді қалыптастырады. Айтайын дегенім, шешім қабылдау кезінде сот психологтардың қорытындысын ескере отырып, сотталушының бостандыққа шығуға дайындығына қарайды, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы, психолог Жанна Жүсіпова.

Сонымен қатар мұндай адам тұрақты бақылауға алынады. Учаскелік инспекторлар бақылаудағы адамның мекенжайына мерзімді түрде барып, оның өмір салтын, немен айналысатынын, қайда және кіммен жұмыс істейтінін біліп отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары