$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда ер адам 9-қабаттан секіріп кетті

Марқұм 1964 жылы туған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атырау қаласында Өзбекстан Республикасының азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кешкі сағат 19:26 шамасында ер адамның 9-қабаттан секіріп кеткені туралы хабар түсті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына жеткен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері суицид жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Марқұм 1964 жылы туған, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.т

Қазір дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осыған байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.

Полиция қызметкерлері шетелдік тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіруіне не себеп болғанын нақтылаған жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары