$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да жол апатынан 12 адам қаза тапты

Мұндай жағдай соңғы 20 жылда болмаған.

 

Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында жыл басталғаннан бергі он күн ішінде жол апаттарынан 12 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтің брифингте айтқан мәліметінше, 11 жол-көлік оқиғасынан оған қоса 21 адам түрлі жарақат алды.

Бұл өткен жылдың екі айында болған жол-көлік оқиғаларымен теңесіп отыр. Мен өңірде жол қауіпсіздігі бойынша төтенше жағдай болып отыр деп есептеймін. Мұндай жағдай соңғы 20 жылда болмаған, – деді Арман Молдиярұлы.

Департамент бастығы жол апаттарының жүргізушілердің қарсы бетке шығып кетуінен болатынын жеткізді.

Тағы оқи отырыңыз: Атырау облысында 4 көлік соқтығысып, жедел жәрдем қызметкері көз жұмды

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар автожолдарға күн сайын 47 патрульдік автокөлік шығып, қауіпсіздікті бақылайды. Соңғы жол апаты 9 қаңтар күні облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын тас жолының 103-шақырымында болып, 5 адам қаза тапты. Бұлардың төртеуі бір отбасы мүшелері болса, кішкентай 1 сәби ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Ал былтыр облыста 445 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 107 адам көз жұмып, 540-ы түрлі жарақат алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары