$ 494.87  520.65  4.91

Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік тұрғын қамауға алынды

52 жастағы ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасқан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Учаскелік полиция инспекторы есепте тұрған адамдарды тексеру кезінде 52 жастағы ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасқанын анықтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

Материал сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша жанжал шығарушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары