$ 510.08  539.61  5.15

Өскеменде танымал спортшыны атып кеткені белгілі болды

Спортшының туған жерінде жерлеу рәсімі өтті. 

Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі
Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі

Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде боксшы Эльер Юнусметовті атып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қанды қылмыс тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаскөй 34 жастағы Эльер Юнусметовтің басынан екі рет атқан, спортшы сол жерде қайтыс болған.

Былғары қолғап шеберіне оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. 27 жастағы ер адам мұндай әрекетке әйелін қызғанып барғанын айтты.

ШҚО полициясы өзге ақпарат жария етуге келмейді деп отыр.

Тағы оқи отырыңыз: Өскеменде белгісіз біреу ер адамды атып өлтірген (ВИДЕО)

Марқұм Юнусметов бокстан, кикбокстан, тай боксы мен жауынгерлік самбодан және қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған.

Өмірінің соңғы жылдарында ол бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинтен жарыстарға шығып жүрген.

Әскери борышын өтеп, колледжде білім алған спортшыны туған жерінде жерлеу рәсімі өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары