$ 444.14  477.05  4.85

Алматыдағы көшкін: Қаза тапқан жасөспірімнің денесі табылды

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

 

 

Фото: Алматы әкімдігінің ресми телеграм арнасынан алынды
Фото: Алматы әкімдігінің ресми телеграм арнасынан алынды

Алматыда лай көшкіні салдарынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы  лай көшкіні болған жерде жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның  салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды.

Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан, алдын ала болжам бойынша, 2007 жылғы жігіттің денесі табылд, – делінген қалалық ТЖД ұсынған ақпаратта.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда лай көшкіні жүріп, үйлерге зақым келіп, адамдар іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары