$ 443.16  480.39  4.94

Қарағанды облысында ер адам өз-өзін өлтірмек болған

 

Ол ас пышағымен сол жақ қолының тамырын кесіп жіберген. 

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында өз-өзіне пышақ жарақатын салған ауыл тұрғынын учаскелік полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұқар-Жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин атындағы кентте орналасқан полиция бөліміне қадағалау жасайтын аумақтардың бірінде өз үйінің ауласында ер азаматтың пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторлары Тілектес Маханов пен Қанат Орманбетов барды.

Үйге кіре берісте бізді бір әйел адам күтіп алды. Сол адам полицияға қоңырау шалып, ұлының орынсыз қылықтары туралы хабарлаған. Біз сол үйдің ауласына кіргенімізде ұлы ол жерде болмады. Арызданушы ұлының үйге кіріп кеткенін, ал өзінің үйге кіруге қорқып тұрғанын айтты. Біз ер азаматты үйдегі бөлмелердің бірінен төсекте жатқан жерінен таптық. Сол кезде оның сол қолындағы пышақ жарақатын көрдік. Сөйтсек, ол өз-өзіне қол жұмсап, ас пышағымен сол жақ қолының тамырын кесіп жіберген екен. Сондықтанда қанды тоқтату мақсатында жгутпен қысып тастадық. Жедел жәрдем қызметкерлері келген соң оны дәрігерлерге табыстадық, – деді учаскелік полиция инспекторы Тілектес Маханов.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері бір қайғылы жағдайдың алдын алды. Жәбірленушінің анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары