11.02.2024, 18:30

Жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды (ВИДЕО)

Фото:

Жеңіл көлік жүрізушісі «жол бермеді» деп жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан.

Жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы Щучинсктегі жанармай құю бекетінде жеңіл көлік жүрізушісі «жол бермеді» деп жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан. Ал жедел жәрдем бригадасы науқасқа асығып бара жатқан, деп жазды Qazaqstan.tv.

Ақмола облысының полициясы шабуыл жасаған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Күдіктінің үстінен Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.