08.04.2024, 22:30

Маңғыстауда ер адам балалардың көзінше әйелін ұрып-соққан (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әйел шалқалақтап жерге құлап түседі.

Әлеуметтік желіде әйелін соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Полицияның мәліметінше, аталған оқиға кеше, 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйелдің жанында баласы ойнап жүргенін көруге болады. Ер адам әйеліне жақындап келіп, иығынан жұдырығымен түйіп жібереді. Содан кейін оны жағасынан ұстап, жұлқылай бастайды. Әйел шалқалақтап жерге құлап түседі.

"Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы ауданының полиция бөліміне жеткізілді", – деді аймақ полициясы "Лада" басылымына.

Ведомствоның мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық қатынастар шеңберіндегі құқыққа қайшы әрекеттер бойынша материалдар жинастырылып, сотқа жолданды.