$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда пәтер жөндеуге келген жұмысшы 13 жастағы қызды зорлаған

Жантүршігерлік қылмыс 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған.

Фото: Kozachkov_offside Telegram арнасынан
Фото: Kozachkov_offside Telegram арнасынан

Жантүршігерлік қылмыс Алматы қаласында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция департаменті  13 жасар қызды зорлады деген күдіктіні қамауға алды.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті анықталып,  уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс аясында басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Әлеуметтік желідегі «Алматы және Алматы облысының жаңалықтары» атты пабликте тараған ақпаратта қылмыс 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті пәтерлердің бірін жөндеуге келген жұмысшы. Ал, қыз баланы ол үйдің паркингінде зорлаған, - деп жазады паблик.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары