$ 474.62  517.19  5.39

Желіде әйелге балаларының көзінше шабуыл жасаған ер адамның видеосы тарады

Оқиға Ақтау қаласында болған.

Фото:
Фото:

Желіде баласының көзінше әйелінің аузын жауып, күш көрсетіп жатқан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Ақтау қаласында болған. Видео көпқабатты үйдің дәлізінде орнатылған камерадан алынған.  

Кадрлардан ер адам әйелдің қолын бұрап, аузын жауып тұрғанын көруге болады. Кейін ер адам өздерін ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізу үшін айналасына қарайды.

Оқиға лифтте жалғасады. Мұнда әйелдің қорқынышты айқайы мен балалардың жылауы естіледі. Бір сәтте жәбірленуші шабуылдаушыны лифттен шығарып жібереді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқаны туралы хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары