25.04.2024, 21:30

«Air Astana» пилотының ұсталуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Pixabay

Ал бүгін осы оқиғаға байланысты «Air Astana» компаниясы түсініктеме беріп, ұшқыштың жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.

Алматы әуежайында есірткіге масайған күйде ұсталған «Air Astana» әуекомпаниясының ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін «Air Astana» ұшқышы есірткіге мас күйде ұсталды. Ал бүгін осы оқиғаға байланысты «Air Astana» компаниясы түсініктеме беріп, ұшқыштың жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.