$ 439.43  473.31  4.82

Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйде ұсталды

Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуе компанияның ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.

«Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Компания қауіпсіздікке басымдық береді. Әуекомпания экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді», - деді Air Astana.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары