Байғұс жәндік әбден қиналды ғой.
Ақтөбе үш жас жігіт тірі кірпіні доп қылып ойнаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олар доптың орнына тірі кірпіні теуіп, өз әрекетіне өздері мәз болған.
Олардың аяусыз әрекеттері жергілікті пабликтердің бірінде жариялады. Видео астына пікір қалдырғандар балалардың осыншама жауыздығына қайран қалған.
«Айтарға сөз жоқ, не деген жауыз ұрпақ!? Байғұс жәндік әбден қиналды ғой. Жүрегі жоқ балалар екен»,- деп жаза жөнелді әлеуметтік желі қолданушылары.
Қазір Ақтөбе қаласының полиция департаменті видеодағы балаларды іздестіріп жатыр.
«Видеодағы азаматтарды тауып, жазаға тартамыз», - деп жазды Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.