$ 494.87  520.65  4.91

Елордада ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған (ВИДЕО)

Өзінің айтуы бойынша, қолында тас болған, содан кейін ол мені 14-қабаттағы өрт сөндіру баспалдағының балконына сүйреп апарып, лақтырып жібергісі келген.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елордада ер адам алимент төлемеу үшін адам жалдап, бұрынғы әйелін өлтіртпек болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана тұрғыны Ксения Перлова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Ол президенттен өзін бұрынғы күйеуінен қорғауды сұрап видео үндеу жолдады.

Оның сөзінше, оған 19 сәуір күні көпқабатты үйдің кіреберісінде бетперде киген белгісіз біреу шабуыл жасаған.

«Ол алдымен менің басымнан қандай да бір затпен үш рет ұрды. Өзінің айтуы бойынша, қолында тас болған, содан кейін ол мені 14-қабаттағы өрт сөндіру баспалдағының балконына сүйреп апарып, лақтырып жібергісі келген», – деді видеодағы әйел.

Есін жиып, лифтіге қайта кіріп үлгерген. Кейін басынан тағы бір соққы алған.

Полицияда күдікті өзіне Ксенияның үлкен қызының әкесі тапсырыс бергенін айтты. Ал жәбірленуші әйел қызының әкесімен ресми түрде некеге тұрмаған.

«Қомақты қарыз жиналып қалған, шамамен 4 миллион теңге, ол мені қорқытты, алименттен бас тартуымды талап етті. Қазір ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал күдікті 2 айға қамауға алынды. Байқоңыр аудандық полициясы маған шабуыл жасаған күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғады, бірақ тапсырыс берушіге ешқандай айып тағылмады. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, құрметті президент, сізден мәселені жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын. Егер осы іске тапсырыс беруші босатылса, ол арам ойын істегісі келеді», – деді әйел.

Қазір осы оқиғаға байланысты Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, қазір қылмыстық іс аясында қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары