Журналист Дана Орманбаева бұл идеологияның терістігін айтып, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігіне сауал тастаған.
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде «тоқалдарға арналған» чемодандар сатылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Чемодан туралы видеоны қоғам белсендісі, журналист Дана Орманбаева желідегі парақшасына жариялады.
Видеода көрініп тұрғандай, сауда орталығындағы бутиктерді бірі «тоқалдарға арналған чемодан» акциясын бастаған. Жарнамасына әлемге әйгілі қуыршақтың суретін пайдаланып, үлкен әріптермен жерге және бутиктің қабырғасына «тоқалға чемодан ал» деп жазған.
Журналист Дана Орманбаева бұл идеологияның терістігін айтып, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігіне сауал тастаған.
Айта кетейік, бейнежазбада көрініп тұрғандай, сауда нүктесі тек үлкен кісілердің емес, балаларға арналған да чемодандар сатады.