$ 494.87  520.65  4.91

Семейде бір ай бұрын жоғалған ағайындылар: 18 жастағы қыздың денесі табылды

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді. Біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары