$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық жаңа туған сәбиін 100 мың теңгеге сатпақ болған

Биыл елімізде жаңа туған сәбиді сату бойынша 3 дерек тіркелген.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев нәресте саудасына қатысты тіркелген қылмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Былтыр елімізде адам сатудың 19 дерегі тіркелді. Бұл дерек негізінде тіркелген қылмыстық істердің басым бөлігі тергелді. Сәбиді сату дерегі бойынша 16-17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деп айтты вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Оның мәліметінше, биыл елімізде жаңа туған сәбиді сату бойынша 3 дерек тіркелген.

«Барлық қылмыс елімізде жасалған. Онда баланың құны 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бағаланған», - деді Қожаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары