Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Төтенше жағдай елорда құрылыс алаңдарының бірінде орын алды. Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Трагедия орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
«Оператор краннан түсу кезінде құлап, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.