$ 479.38  531.63  5.27

«Күйеуімнен зәбір көрдім» деген ақтаулық келіншек полицейлердің әрекетіне шағымданды (ВИДЕО)

"Қазір құқық қорғау органдарына сенуден қалдым. Бір ай бойы басқарма мен полиция департаментінің барлық бастықтарынан көмек сұрап, қорғауды өтіндім. Тіпті бәрінің атын тізімдей аламын. Тіпті соңында қаладан кетуге мәжбүр болдым", - деп қосты жәбірленуші.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Күйеуінен  зорлық-зомбылық көргенін айтып, өмірін Салтанат Нүкеновамен салыстырған Ақтау тұрғыны Арайлым жаңа видеоүндеу жариялады. Ол бұл жолы өзіне полиция тарапынан негізсіз айыптар тағылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеоны #НеМолчи қоры желіде жариялады. Онда Арайлым әлі күнге дейін жұбайынан қорғаныс туралы бұйрық берілмегенін жеткізді. Айтуынша құқық қорғау органдары күйеуін тұрғылықты жерінен таба алмаған. Сонымен қатар Арайлым ақша ұрлады деген айыппен қзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

"Маған ақшалай қаражатты ұрлады деген негізсіз айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Негізі Астанаға айғақ беруіме рұқсат етілген еді. Алайда  полиция басқармасының аға тергеушісі Ақтауда қалу туралы қаулыны әкеліп тұр", - деді әйел.

Әйелдің айтуынша, күйеуі бірнеше рет балаларды алып кетіп, таныстарын жұмылдыратынын айтып қорқытқан. Арайлым өзіне және балаларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысының прокуратурасынан көмек сұрады. Сондай-ақ, ол полицейлердің біріне қатысты қызметтік тергеу жүргізуді сұрады.

"Учаскелік инспектор Қырғабақовқа қатысты қызметтік тергеуге бастамашылық етуді сұраймын. Ол өзі қорғаныс нұсқамасын жасай алмады және тапсыра алмады. Ақтау полиция басқармасының аға тергеушісінің мені қалаға мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулысының күші жойылсын. Өйткені менің кәмелетке толмаған балаларым бар. Оларды өзім қараймын, жалғыз қалдыра алмаймын", - деді Арайлым.

Сонымен қатар ол тұрғылықты жері бойынша куәлік беруге рұқсат сұрады.

"Қазір құқық қорғау органдарына сенуден қалдым. Бір ай бойы басқарма мен полиция департаментінің барлық бастықтарынан көмек сұрап, қорғауды өтіндім. Тіпті бәрінің атын тізімдей аламын. Менде олардың қалай көндіруге тырысқаны туралы дәлелдер бар. Тіпті соңында қаладан кетуге мәжбүр болдым", - деді жәбірленуші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары