Салдарынан жәбірленуші көптеген дене жарақатын алған.
Қостанайда сот шешіміне сәйкес, әскери қызметшіні ұрып-соққан полполковник жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшылық қызметте болған Қостанай гарнизонының подполковник шеніндегі Д.-ға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Басшылық қызметті атқару барысында Д. тікелей басшысының және басқа да қызметкерлердің көзінше қарамағындағы А.-ны ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші көптеген дене жарақатын алған. Осылайша, полполковник өз өкілеттілігін асыра пайдаланған.
Ақмола гарнизонының әскери соты 2024 жылғы 23 мамырда әскери қызметші Д.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
«Зардап шеккен әскери қызметшінің басшысы Д. бұл фактіні жасырып, сондай-ақ әскери қызметші А.-ны көзден таса ұстауға тырысқан. Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес, шағымды қарау аясында Д. басшы қызметінен босатылып, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.
Оның айтуыншга, бұл іске қатысы бар әскерилердің жауапқа тартылған.