42 жастағы инкассатор 10 млн теңгені ұрлап, сосын өзін атқан.
Бүгін әлеуметтік желіде 42 жастағы инкассатор 10 млн теңгені ұрлап, банк жертөлесіне жасырынып өзін атқан деген хабарлама тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жазбаға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.
Ақтау полиция басқармасы ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - делінген полицияның баспасөз баянында.