$ 480.55  533.75  5.36

Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Foton жүк көлігі мен Mazda 626 жолаушылар көлігі соқтығысқан.

Фото: globalnews.kz
Фото: globalnews.kz

18 шілдеде Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Алматы – Өскемен тасжолында Foton жүк көлігі мен Mazda 626 жолаушылар көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырады", - деп хабарлады ведомство.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары