Жапонияның Кавасаки қаласында белгісіз азамат 19 адамға пышақ сұқты, деп хабарлайды SN.kz тілшісі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
50 жастағы ер адам автобус аялдамасында 19 адамды жарақаттаған. Екі адам ауыр халде ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің арасында балалар бар.
Полиция қылмыскерді ұстады. Алайда, ол өзіне де пышақ сұғып үлгерді. Оқиға орнынан екі пышақ табылды. Мән-жай анықталып жатыр.